Ұлттық банк теңгенің әлсіреу себебін атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк теңгенің әлсіреу себебін атады

12.04.2021

Теңге тағы әлсіреп жатыр. Бүгін қор биржасындағы саудада ұлттық ақшамыз сәл құлдырап, долларға шаққанда 434 теңгеге төмендеді. Ұлттық банк төрағасының айтуынша валютамызға ушыққан эпидахуал кері әсер етіп жатыр. Өйткені екпе егу жұмыстарының баяулауы мен коронавирустың жаңа қауіпті штаммдардың пайда болуы энергетика саласының жандануына кедергі. Содан мұнай бағасы арзандап, бұл теңгені әлсіретіп жатыр дейді Досаев. Өткен айда 6 пайызға арзандаған қара алтынның брент маркасы қазір 63 доллардан сатылып жатыр.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу