Қазақстандық жобаларды қаржыландыру артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық жобаларды қаржыландыру артады

07.12.2022

Премьер-Министр, Еуразиялық даму банкі Кеңесінің төрағасы Әлихан Смайылов қаржы ұйымының басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесті. Олар банк жұмысының алдын ала қорытындылары және келесі жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.

Биыл республикадағы жобаларға салынған инвестиция көлемі 1 млрд доллардан асты. Әлихан Смайылов кооперациялық жобалар санын арттырудың маңызды екенін атап өтті. Ал Николай Подгузов 2026 жылға дейін Қазақстанда түрлі жобаларды іске асыруға кемінде 4 млрд долларға жуық қаржы көзделгенін хабарлады. 

Хабарламаларға жазылу