Қытайлықтардан тест нәтижесі талап етілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайлықтардан тест нәтижесі талап етілмек

29.12.2022

Қытайлық жолаушылардан ПТР-тест нәтижесін талап ететін елдер көбейіп келеді. Солардың қатарына АҚШ-та қосылды. Мұнда қабылданған жаңа ережеге сәйкес, жасы екіден асқан қытайлықтар өз елінен, Макаодан, Гонконгтан Америкаға ұшардан екі күн бұрын коронавирусқа тескерілуі керек.

Және де олар ковид жұқтырмағаны анықталғанда ғана Құрама Штаттарға аттануы тиіс. Бұл талап АҚШ-та қаңтардың 5-де өз күшіне енеді. Осыған дейін дәл осындай сақтық шарасы Үндістанда, Италияда, Жапонияда, Тайваньда мақұлданған еді.

Хабарламаларға жазылу