Ұлыбритания: Полиция премьер-министр кеңсесінде локдаун ережесінің бұзылуын тергеуге кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания: Полиция премьер-министр кеңсесінде локдаун ережесінің бұзылуын тергеуге кірісті

25.01.2022

Британиялықтар Премьер-министр Борис Джонсонның отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Халық үкімет мүшелерінің карантиндік шараларға бағынбауына наразы. Үкімет басшысының Даунинг-стриттегі резиденциясында локдаун ережелері бірнеше мәрте бұзылғаны анықталды. Полиция бұл істі тергеп жатыр. Оның нәтижесі жақында жария етілмек. Журналистік зерттеулерге сай, 2020 жылдан бері коронавирус пандемиясы кезінде Даунинг-стрит 10-да бірнеше мәрте кеш өткізілген.

Мысалы, сол жылдың маусым айында үкімет қызметкерлері резиденцияда Борис Джонсонның туған күнін тойлауға жиналған. Ал жақында Британ үкіметінің басшысы былтыр мамырда адам көп жиналған кешке қатысқаны үшін халықтан кешірім сұрады. 

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу