АҚШ-та қатты аяздан қаза тапқандар саны 56 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та қатты аяздан қаза тапқандар саны 56 адамға жетті

27.12.2022

АҚШ-та қатты боран мен үскірік аяздан қаза тапқандардың жалпы саны 56-ға жетті. Болжамдарға қарағанда, қар ерігеннен кейін құрбандардың бұдан да көп екені анықталуы мүмкін. Өйткені жолда талай көлік қалып, шалғайдағы елді мекендерге жету әзірге қиындап тұр.

Әсіресе Нью-Йорк штатының Буффало қаласындағы жағдай ауыр. Бұнда 27 адам қар көшкінінен қаза тапқан. Жергілікті басшылық аймақтағы ахуалды тіпті «соғысқа» теңеп отыр.

Құрама Штаттарда қар көшкіні салдарынан өткен аптаның соңында жүздеген мың адам жарықсыз қалды. Ал Вермонт, Огайо, Висконсин, Канзас, Колорадо штаттарында аяз күшейсе, Монтанада ауаның температурасы 50 градусқа дейін төмендеген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу