Басты Жаңалықтар Өскеменде жеке тұрғын үйде өрт шықты

Өскеменде жеке тұрғын үйде өрт шықты

Өскеменде жеке тұрғын үйде өрт шықты. Қызыл жалын 90 шаршы метрлік баспананың кіреберіс бөлмесінде тұтанған. Өрт сөндірушілер келгенде ағаш үйдің шатыры толықтай жанып кеткен еді. Дегенмен құтқарушылар 4 адамды аман-есен алып шықты.

Абырой болғанда тілсіз жаудан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығуына үй иелері темекі тұқылын сөндірмеуі себеп болған сыңайлы. Тілсіз жауды ауыздықтауға 19 маман мен 5 техника жұмылдырылды. 

Олжас Керейхан

Бөлісу