Соңғы бірнеше күннен бері теңге рубльге шаққанда нығайып келеді. Бүгін де қор биржасындағы сауда да ұлттық валютамыз сәл нығая түсті. Қазір ақша айырбастау орталықтарында рубль 6 теңге 40 тиынға сатылып жатыр. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Ресей валютасының алдағы уақытта да арзандай түсетінін болжап отыр. Бұған Ресей мұнайын теңіз арқылы тасымалдауға салынған шектеу, шикізат активтері құнының арзандауы мен геосаяси тәуекелдер әсер етеді дейді. Сөйтіп теңге мен рубль қатынасы бұрынғы қалпына келеді деген пікірде.
Ал бүгін ресми валюта бағамы мынадай. Доллар сәл арзандап, 466 теңгеге теңесті. Ал еуро 499, рубль 6 теңге 50 тиын.
Досжан Маратұлы