Доллар тағы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доллар тағы қымбаттады

04.03.2022

Ұлттық валютамыз да әлсірей түсті. Бүгін қор биржасындағы саудада долларға шаққанда 6 теңгеге арзандады. Қазір АҚШ ақшасы 499 теңге 70 тиын. Еуро 549 теңге. Ал рубль арзандай түсті. Қазір ол 4 теңге 80 тиын. Ал валюта айырбастау орындарындағы бағам басқа. Мәселен, олар долларды 510-515 теңгеге сатып жатыр. Теңгенің бірден әлсіреуіне жол бермеу үшін Ұлттық банк алтын валюталық қордан интервенция жасап келеді.


Хабарламаларға жазылу