Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский кескілескен шайқас жүріп жатқан Бахмутқа барды. Донецк облысында орналасқан бұл қаланы Ресей әскері мамырдан бері ала алмай жатыр.
Дүйсенбі күні Кремль басшысы Владимир Путин соңғы үш жылда алғаш рет Минскке барып, Александр Лукашенкомен кездескен. Американың соғысты зерттеу институтының кезекті есебіне қарағанда, Ресей президенті бұл кездесуде де Беларусьті Украинадағы қарулы қақтығысқа тарта алмады. «Ассоуши-Эйтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, Беларусьте Кеңес одағынан қалған әрі Мәскеуге пайдасы тиюі мүмкін мол қару-жарақ қоры сақталған.
Арыстан Рысбек