ФИФА әлемнің үздік құрамалары рейтингін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ФИФА әлемнің үздік құрамалары рейтингін жариялады

20.12.2022

ФИФА әлемнің үздік құрамалары рейтингін жариялады. Жаңартылған тізімде Бразилия құрамасы ширек финалда жеңілгеніне қарамастан, бірінші орында тұрақтап тұр. Ал әлем чемпионатында жеңіске жеткен Аргентина екінші орынға көтерілді. Франция құрамасы да, бір саты жоғары жылжып, үздік үштікті түйіндеді. Мұның себебі: ФИФА-ның ұпай беру көрсеткіші бойынша, финалда негізгі уақытта жеңген команда ғана рейтингте бірінші бола алады. Экстра-тайм немесе пенальтидегі жеңіс үшін ұпай аз беріледі. Ал Аргентина құрамасы Франциядан 11 метрлік сайыста басым түсті. 

Дархан Рахымжан 

Хабарламаларға жазылу