Әлем чемпионатының жабылу салтанатында биылғы мундиальдың жүзден жүйрік деп танылған үздіктері марапатталды. Аргентина капитаны Лионель Месси турнирдің үздік ойыншысы атағын жеңіп алды. Байрақты бәсекеде ол 7 рет қақпаны дәл көздеп, 3 нәтижелі пас берген.
Ал 8 голдың авторы Килиан Мбаппе «Алтын бутцы» иегері атанды. Аргентиналық қорғаушы Энцо Фернандес турнирдің ең жас ойыншысы деген атақты иеленсе, оңтүстікамерикалық қақпашы Эмилиано Мартинес «Алтын қолғапты» жеңіп алды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қатардағы үздіктер анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/168703/)