Скиатлоннан үздіктер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Скиатлоннан үздіктер анықталды

08.02.2014
Скиатлоннан үздіктер анықталды
Сочи Олимпиадасының екінші медаль жиынтығы әйелдер арасында өткен 15 шақырымдық шаңғы жарысы, яғни скиатлонда сарапқа салынған болатын. Аталған жарыста норвегиялық спортшы Марит Бьёрген үздік атанып, Олимпиаданың алтын медаліне ие болды. Екінші орынға Швеция елінің өкілі Шарлотта Калла қол жеткізді. Үздік үштікті тағы бір норвегиялық Хейди Венг түйіндеді. Ал жерлестеріміз Елена Коломина 40-шы, Александра Слонова 41-ші, Татьяна Осипова 57-ші орындарды қанағат тұтты.  
 
Сонымен қатар, ерлер арасында конькимен жүгіруден 5 шақырымға созылған жарыста жерлесіміз Дмитрий Бабенко 15-орынға ие болды.

Хабарламаларға жазылу