Семейде 1900 абонент жылусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде 1900 абонент жылусыз қалды

10.12.2022

Семейде жылу орталығындағы ақаудың салдарынан «Энергетик» ауданында 23 көппәтерлі үй мен бірнеше әлеуметтік нысан жылусыз қалды. Соңғы аптада пәтерлерде температураның төмендеп кетуі осымен үшінші рет қайталанып отыр. Күлді автомататты түрде тазалайтын желі сынып, екі қазандық жұмысын тоқтатқан. Жөндеу жұмыстарынан кейін, жылу нысаны толықтай іске қосылды.

Серік Төлепбергенов, «ЖылуКоммунЭнерго» МКМ бастығы:

Энергетик ауданы тұрғындарынан қолайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз. 1900 абонентке жылу қалыпты берілмей қалды. Қазір барлық қазандық іске қосылып, жұмыс істеп тұр. Пәтерлер біртіндеп жылынып келеді.

ЖАҒАЛАУДАҒЫ ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАСЫН СУ БАСТЫ

Семейде мұз кептеліп, Ертіс өзені арнасынан асқан. Салдарынан бірнеше үйдің ауласына су кірді. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары аумақты толықтай бақылауға алды. Әзірге ол маңдағы үйлерге қауіп жоқ.

«Қазгидрометтің» дерегі бойынша өзен деңгейі қазір қалпына түскен.


Е.Жақып

Хабарламаларға жазылу