Ақмола облысында жылу құбыры жарылып, халық жылусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында жылу құбыры жарылып, халық жылусыз қалды

28.03.2023

Ақмола облысының Зеренді ауданында 500-ге жуық абонент жылусыз қалды. Себебі жердің үстімен тартылған жылу құбыры құлап қалған. Тікелей байланысқа әріптесім Ұмсындық Наурызбаева шықты. Ұмсындық, құлап қалған жылу трассасы ескі ме? Мұндай жағдай не себептен болғаны белгілі ме?

Ұмсындық Наурызбаева, тілші:

Армангүл, бұл трассаны ескі деуге келмейді, себебі 2021 жылы ғана тартылған. Оқыс оқиға Зеренді ауданының орталығында бүгін түс шамасында болған. Яғни, Ілиясов көшесінде жылу трассасының темір конструкциялары құлап, құбыр жарылған. Куәгерлер ыстық судың аспанға атқылап ағып жатқан сәтті де видеоға түсіріп алған. Қазір апат салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Осы оқиға салдарынан 466 абонент жылусыз қалғаны хабарланды. Бірақ, жергілікті билік бұл тұрғын үйлер бүгін кешке дейін орталық қазандыққа қосылады деп сендіріп отыр.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу