Президент ЖЭК шағын құрамдағы отырысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ЖЭК шағын құрамдағы отырысына қатысты

09.12.2022

Мемлекет басшысы бүгін Қырғызстанға барды. Президент Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. Онда бірқатар маңызды мәселелер қаралды. 

Асима Нұрбайқызы, тілші:

Осы ғимаратта қазір бес ел басшысы шағын құрамда кездесіп жатыр. Сөз басында Қырғыз президенті Садыр Жаппаров Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Одан кейін тараптар кеңестің күн тәртібіндегі ең маңызды төрт мәселені талқылады. Нақтырақ айтсақ, өнеркәсіптік кооперацияны жобаларды қаржыландыру, ортақ газ нарығы, іштегі кедергілерді жою. Әрі Біріккен Араб Әмірлігімен еркін сауда айналымына қатысты келіссөздерді де бастады.

Шағын құрамнан кейін кеңейтілген отырыста бұл мәселелерден бөлек, тағы 12 сұрақ қаузалады. Жалпы Бішкек самиттінен 200-ге жуық журналист ақпарат таратып жатыр. Жиын соңында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады.


Хабарламаларға жазылу