Қасым-Жомарт Тоқаев Ахалтеке атшабарын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ахалтеке атшабарын аралады

25.10.2021

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға ресми сапары кезінде Ашхабадтағы Ахалтеке атшабарына арнайы барды. Мәртебелі мейманға  жылқы кешенін арнайы таныстырған Түрікменстан басшысы  оған асылтұқымды Ахалтеке жылқысын сыйға тартты. Сондай-ақ, қонақтарға шабандоздар шоуы көрсетілді.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыртуы бойынша осы елге мемлекеттік сапары басталды.  

Бүгін екі елдің  делегациясы кездесіп,  шағын және кеңейілген құрамдағы келіссөздер басталады деп жоспарланған. Онда көрші елдердің даму перспективаларына қатысты өңірлік және халықаралық мәселелер қаралады.


Қасым-Жомарт Тоқаев Ахалтеке Ашхабад

Хабарламаларға жазылу