Петропавлда үйінде арақ-шарап жасап сатқан қала тұрғыны ұсталды. Жұмысшы кентіндегі жасырын қоймадан 1 700 литерден астам алкогольдік ішімдік пен акциздік маркасы жоқ 4 мың қорап темекі тәркіленді.
61 жастағы тұрғынның қорасын тінту кезінде арақ жасауға арналған спирт те табылған. Контрафакт өнімге сараптама жасалады. Күдіктінің заңсыз тауарды қайдан алынғанын және қайда саудалағанын тергеу анықтайды. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Эльмира Кәленова