Қазақстанның 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды

08.12.2022

Бүгін Қазақстанның 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды.

Қазгидрометтің мәліметінше Астана, Шымкент, Ақтөбе, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Риддер, Семей және Өскемен қалаларында қолайсыз метео жағдай болады. Сол себепті осы қалалардың атмосферасында ластаушы заттар жиналып, ауаның сапасы нашарлайды деп болжанған.

Мамандар осыған байланысты далада, әсіресе автожолдар маңында көп жүруге болмайды, - дейді. Сонымен қатар, жүкті әйелдер мен балаларға ұзақ уақыт серуендеуден бас тартуға кеңес береді.

Дарын Сағитов



Хабарламаларға жазылу