Су сапасына қатысты ақпарат нақтыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су сапасына қатысты ақпарат нақтыланды

10.10.2017
Су сапасына қатысты ақпарат нақтыланды

Бүгін әлеуметтік желіде «Целиноград су арнасы» жүйелеріне тазалау жұмыстары жүргізіліп, судың сапасы нашарлайды деген ақпарат таралып кетті. Хабарландыруда хлорға аллергиясы бар адамдарға абай болу керектігі ескертіліп, үш күнге жетерлік су жинап алуға кеңес берілген. Арнамыздың тілшілері «Целиноград су арнасы» коммуналдық мекемесіне хабарласқан болатын. Мекеме мамандары мұндай мәлімет ресми түрде бекітіліп, таратылмағанын айтады. Алайда, жылдағы маусымдық жұмыстар жүргізіледі. Оған қарамастан, су үздіксіз берілмек. «Судың сапасы нашарлайды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - дейді мекеме мамандары. 

Айнұр Әнісбекова, «Целиноград су арнасы» коммуналдық мекемесінің заңгері:

- Бізде маусымдық жұмыстар жүреді. Бір жылда екі рет жүретін жоспарлы жұмыстар. Тарап кеткен ақпарат тек қана ол Ақмолаға, Целиноград  ауданы су көздеріне ғана қатысты. Қоянды, Ақмол ауылдарына қатысты. Астанаға қатысы жоқ.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу