Бүгін таңғы сағат 8 де тараған ақпаратқа сай Екібастұздағы барлық үй жылуға қосылды. Соңғы жұмыстар Сәтбаев көшесіндегі 8-ші үйде жүргізілді. Көпқабатты үйдің бүкіл пәтерлерінде қатып қалған құбырлар жылытылды. Жарылып кеткен батареялар алмастырылды.
Жөндеу жұмыстарына еліміздің өзге қалаларынан келген 850-ден астам адам жұмылдырылды. Қазір станция 83 градус температурамен жылу беріп тұр. Әзірге шахарда техногендік төтенше жағдай режимі қала береді. Жедел штаб жұмысын жалғастырады.
Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:
Жалпы 20 подьезде жұмыс жүргізіліп мәресіне жетті. Барлық материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілгенбіз. Одан басқа да жұмыс күштері жеткілікті.
Болат Аманбаев