Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мектебіне «Тайм-менеджмент» жобасы енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мектебіне «Тайм-менеджмент» жобасы енгізілді

16.11.2015
Павлодар қаласындағы  «Жас дарын» мектебіне «Тайм-менеджмент» жобасы енгізілді

Павлодар қаласы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушылары екінші тоқсаннан бастап сабаққа «Тайм-менеджмент» бойынша дайындалады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Бұл жаңашылдықты Назарбаев зияткерлік мектебінің іс тәжірибесін тасымалдаушы мектеп болғандықтан, өзімізде жүргізілетін тәрбие үрдісіне лайықты етіп алып отырмыз. Аталмыш апталық циклограмманың екі жағын толтырған оқушы мен ұстаз аптаның басында алдағы атқарылатын жұмысты жоспарлап алады. Мысалы, оқушылар дүйсенбі күні қазақ тілінен бағасын түзету керек болса, сейсенбіде олимпиадалық резервіге қатысуы керек. Осылайша, «Тайм-менеджмент»  немесе оқушы жоспарына сәйкес аптаның соңында рефлексия жасалады», - дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлшекер Белгібаева

Айта кетейік, 363 оқушы білім алатын «Жас дарын» мектебі - мұндай жаңашылдықты енгізген облыстағы екінші оқу ордасы. Бұған дейін Назарбаев зияткерлік мектебі тайм-менеджмент жүйесіне көшкен.

Хабарламаларға жазылу