«Жас саясаткер мектебі» ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас саясаткер мектебі» ашылды

28.11.2022

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясында «Жас саясаткер мектебі» ашылды. Онда Қазақстанның барлық өңірінен конкурстық негізде 50 қатысушы іріктелген. Олар 5 күндік белсенді оқыту курсынан өтеді. Оқыту бағдарламасына көпшілік алдында сөз сөйлеу, саяси коммуникация, жобаларды басқару, көшбасшылық бойынша тренингтер, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі саяси құрылымы туралы дәрістер кіреді. Шәкірттер алдында сөз сөйлеген партия Хатшысы Дәулет Кәрібек жоба жастардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Дәулет Кәрібек, «Аmanat» партиясының хатшысы:

Жас саясаткерлер мектебінің негізгі мақсаты – бұл біздің елге, жерге, жалпы халыққа қызмет ететін жастардың жаңа буынын қалыптастыру. Абай атамыз айтады: «Адамның адам болып қалыптасуына оның ортасы, ата-анасы, достары, сосын ұстазы әсер етеді», – деп айтады. Сондықтан да бізге әрбір адамның, әрбір жастың осы мемлекет ісіне, ел ісіне араласқаны өте қатты қажет.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу