Оңтүстік Корея құрамасы Бразилиядан жеңілді. Ойынның жетінші минутында-ақ жүйрік шабуылшы Винисиус Джуниор көзге түсіп, есеп ашты.
Бразилиялықтар қарсылас қорғанысының кілтін тауып, голды голға жалғады. Алғашқы таймның өзінде 4 доп айырмасы тіркелді. Бәрі де Бразилия пайдасына. Ал екінші таймның соңғы минуттарында кореялық Сын Хо Бэк аз да болса есеп айырмасын қысқартты:
Бразилиялықтар сенімді түрде ширек финалға қадам басты. Ал осы ойыннан кейін Оңтүстік Кореяның бас бапкері Паулу Бенту қызметінен кететінін мәлімдеді.
Дархан Рахымжан