Шорт-тректен әйелдер арасындағы эстафеталық жарыс мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шорт-тректен әйелдер арасындағы эстафеталық жарыс мәресіне жетті

18.02.2014
Шорт-тректен әйелдер арасындағы эстафеталық жарыс мәресіне жетті
  Сочидегі Олимпиада ойындарында шорт-тректен әйелдер арасындағы эстафеталық жарыста Оңтүстік Корея құрамасы жеңіске жетті. Олар 3000 метрлік қашықтықта үздік нәтиже көрсетті.
 
Жеңімпаздардың уақыты – 4 минут 9,498 секунд. Ал жүлделі орынға Канада (4.10,641) мен Италия (4.14,014) көтерілді.
 
Естеріңізге сала кетейік, шорт-тректен ерлер арасындағы эстафетада Оңтүстік Корея құрамасы қазақстандық спортшыларға есе жіберіп, жарыстан шығып қалды.
 
Ерлер арасындағы эстафеталық жарыс 21-ші ақпанда өтеді. Біздің жігіттердің қарсыластары – Қытай, Ресей, Голландия және АҚШ құрамалары.

Хабарламаларға жазылу