Шымкентте Мұхтар Шаханов оқулары өтті
Шымкентте жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Мұхтар Шаханов оқулары» республикалық байқауы өтті.
Жыр кешіне 21 жас қатысты. Олар өз таңдауы бойынша Шахановтың екі шығармасын көпшілік алдында мәнерлеп оқыды. Мұнан соң ақынның өлеңіне жазылған әндерді шырқады. Қазылар алқасы қатысушылардың дауыс ырғағы, сахнада өзін-өзі ұстауы, киімі мен үнінің әуезділігін бағалады. Байқауда ақынның «Жігерлендіру», «Шың басындағы оқиға», «Арман», «Ғайша» өлеңдері жиі оқылды.
Ақниет Анарбек, байқауға қатысушы:
Мен бүгінгі байқауда Мұхтар Шахановтың «Арман» және «Әке аманаты» деген өлеңдерін оқыдым. Өлеңдерінде бір леп бар. Лирикалық бағыттағы өлеңдері де бар ақынның. Бірақ мен талпыныс беретін, образға кіріп айтатын өлеңдерін еркін оқи аламын.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05