Қазақстандық теннисшілер футболшыларға қолдау білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық теннисшілер футболшыларға қолдау білдірді

09.09.2014
Қазақстандық теннисшілер футболшыларға қолдау білдірді

Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин, Андрей Голубев және Евгений Королев Ұлттық құрама футболшыларына қолдау білдіру үшін арнайы Астанаға келді.

Айта кетейік, бүгін елордадағы «Астана-Арена» стадионында Еуро-2016 додасының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Латвия кездеседі.

Бұл ойынға словакиялық төреші Иван Кружляк қазылық етеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Латвия арасындағы кездесуді Астана уақыты бойынша 22:00-де басталады. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, Қазақ радиосынан тікелей эфирде тыңдауға мүмкіндік бар.

Фото: lyakhov.kz

Хабарламаларға жазылу