Операторларға жаңа талап қойылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Операторларға жаңа талап қойылуы мүмкін

01.12.2022

Интернет сапасын жақсартпайтын операторлардан мемлекеттен берілген радиожелілік ресурсты тартып алу қажет. Осылай деген Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі жаңа талапты заңға енгізуді ұсынды. Бағдат Мусин бұған дейін операторларға 180 млн теңге айыппұл салынғанын айтты. Ал айыппұл мөлшері 10 есе өскен соң, операторлар 1,5 айда 300 млн теңге төлеуге міндеттелген.                    

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Қыркүйекке дейін 700-ге жуық өлшемдер жүргізілді. Екі ай әлде жарты жыл көлемінде оларға уақыт беріледі. Сол уақыттың ішінде операторлар мәселелерді жоймаса, яғни интернеттің сапасын жоғарылатпаса, біз келесі рет келіп оларға 10 есе көп айыппұл жазасын береміз.

Ақерке Бектас

                                                    

Хабарламаларға жазылу