Қазақстан-Қытай: Сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Қытай: Сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды

29.11.2022

Әлихан Смайылов Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен бейнеконференцбайланыс режимінде өткен екіжақты келіссөздер барысында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық және көлік-транзиттік салаларда, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, экология, туризм, қаржы секторы және инновациялық технологиялар саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қозғалды. Өз сөзінде Әлихан Смайылов жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын одан әрі кеңейту, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасында тікелей байланыс орнату қажет екенін жеткізді.

Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі:
Қытай біздің ірі сауда серіктесіміз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының көлемі 14%-ға артып, $18 млрд-қа жеткенін атап өткім келеді. Биыл 10 айда бұл көрсеткіш шамамен 33%-ға өсіп, $19,7 млрд-ты құрады. Мемлекеттер басшылары 2030 жылға қарай тауар айналымын $35 млрд-қа дейін ұлғайтуды мақсат етіп қойды. Біз қытайлық әріптестерімізбен бірге осы ауқымды міндетті іске асыруға дайынбыз.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу