Қабиболла Жақыпов Литваның Премьер-министрімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қабиболла Жақыпов Литваның Премьер-министрімен кездесті

19.05.2015
Қабиболла Жақыпов Литваның Премьер-министрімен кездесті

Бұл туралы бүгін, Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов пен Литва Премьер-министрі Алгирдас Буткявичустің кездесу барысында мәлім болды. Басқосуда қазақстандық-литвалық, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Қос тараптың пікірінше, Қазақстан мен Литва бір-біріне Орталық Азиядағы маңызды саяси және экономикалық әріптес. Мәжіліс спикерінің сөзінше, Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен елдегі қолайлы инвестициялық климат қарым-қатынасты күшейтуге жаңа мүмкіндік береді.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу