Президент М.Мишустинмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент М.Мишустинмен кездесті

29.11.2022

Президент Мәскеуге сапары барысында Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, екі елдің қарым-қатынастары сауда-экономикалық салада айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Былтыр алыс-беріс 24,5 млрд доллардан асты. Биыл бұл көрсеткіш тағы артады деп болжанып отыр. Кездесуде тараптар қол жеткізілген уағдаластықтар бойынша пікір алмасып, екі ел арасындағы маңызды мәселелерді талқылады. 

Хабарламаларға жазылу