Президент ақын Олжас Сүлейменовпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ақын Олжас Сүлейменовпен кездесті

12.02.2016
Президент ақын  Олжас Сүлейменовпен кездесті
Президент ақын  Олжас Сүлейменовпен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Кездесу барысында Президент пен ақын Қазақстанның қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы қызметінің негізгі бағыттары талқыға салды.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қоюының 25 жылдығы аясында өтетін іс-шараларға дайындық мәселелері де қарастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев геосаяси ахуалдың күрделілігін ескере отырып, бейбітшілік пен қауіпсіздік қағидаттарын халықаралық ауқымда әрі қарай ілгерілетудің маңыздылығын айтты.

О.Сүлейменов өз кезегінде жаһандық антиядролық қозғалысқа мемлекеттердің ғана емес, қоғамдық ұйымдардың күш-жігері мен азаматтық бастамаларды жұмылдыру қажеттігіне назар аударды.



Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу