Қатар елінде әлем чемпионаты қарсаңында қонақүйлер мен мұражайлар да салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар елінде әлем чемпионаты қарсаңында қонақүйлер мен мұражайлар да салынды

28.11.2022

Қатар елінде әлем чемпионаты қарсаңында тек стадиондар ғана емес, қонақүйлер мен мұражайлар да салынды. Дохада жүрген әріптесіміз Ерсін Ерік Таяу шығыс елдеріндегі ең үлкен спорттық музейді барып көрді. 

Әлем чемпионаты ойындары өтетін Халифа стадионының жанында сыртқы көрінісінің өзі кез-келген адамның қызығушылығын оятатын әдемі ғимарат бар. Бұл Доһадағы «3-2-1» деп аталатын Қатар Олимпиадалық және спорт мұражайы.

Марадонна, Пеле секілді өз заманының жұлдыздарының киімі, естеліктері осындай мұражайда болу заңдылық. Футбол аңыздары, талай жетістікке жетті, олар футболды нөмірі бірінші спорт етті. Жейделерін көріп бұрынғы ойындары есіме түсті.

Мұражайдың ашылғанына көп уақыт болмаса да, көптеген жәдігерлерді көріп, тарих қойнауына енген спорттық жарыстар мен олимпиада ойындарын бір еске түсіріп қайтуға болады. Қатар билігі жыл сайын мұражайды жаңартып, кез-келген адамды спортқа шабыттандыратын интерактивті саяхат ұсынатын,    әлемдегі ең ірі инновациялық және технологиялық жағынан дамыған спорт мұражайларының бірі болатындығын айтады.

Ерсін Ерік


Хабарламаларға жазылу