Бельгияда полицейлер наразылық акциясына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда полицейлер наразылық акциясына шықты

28.11.2022

Бельгияда полицейлер наразылық акциясына шықты. Бұған тәртіп сақшыларына жасалатын шабуыл мен зорлық-зомбылықтың көбеюі себеп болған.

Нұрсұлу Қасым, тілші:

Шеру қайта қыза түсті. Наразылық акциясына тәртіп сақшылары елдің түкпір-түкпірінен жиналып жатыр. Кәсіподақ ұйымы өкілдері 10 мыңнан астам полиция қызметкері қатысады деп отыр. Әдетте қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге міндетті полицейлер өздері көшелерді жауып, тәртіпті бұзып жатыр. Қытайдың жарылғыш заттарын жарып, журналистердің жұмыс істеуіне кедергі келтіруде. Олар қоғамнан, үкімет пен сот жүйесінен өздерін құрметтеуді, қорғауды талап етуде. Себебі, осыдан екі апта бұрын Брюссель көшесінде екі тәртіп сақшысына шабуыл жасалып, бірі ауыр соққыдан қаза тапқан еді.

Антони Тюрран, тәртіп сақшысы:

Осы жылдың өзінде жиырма бес әріптесіміз қызмет бабында қаза тапты. Билік полицияны қорлауды тоқтатып, қолдауды күшейтуі тиіс. Әлеуметтік жағдайымыз мүшкіл. Жалақымыз түкке жетпейді. Әбден шаршадық.

Шерушілер қылмыстық кодеске өзгеріс енгізіп, полиция қызметкерлеріне жасалған зорлық-зомбылық үшін қатаң жаза тағайындауды талап етуде. Сондай-ақ, жалақыны көтеріп, зейнетақы жүйесіне өзгеріс енгізу қажеттігін айтады. Кәсіподақ ұйымының жетекшілері бүгін кешке елдің Премьер-министрімен кездесуден үмітті. Егер, үкімет мәселеге құлақ түрмесе онда полиция қызметкерлері осындай ереуілді елдің басқа да қалаларында ұйымдастырамыз деп отыр.


Хабарламаларға жазылу