АҚШ-та мыңдаған адам коронавирусқа қарсы шектеулерге наразылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та мыңдаған адам коронавирусқа қарсы шектеулерге наразылық білдірді

24.01.2022

Америка Құрама Штаттарында мыңдаған адам коронавирустық шектеулерге қарсы шеруге шықты. Вашингтонда наразылық акциясына қатысушылар қаланың басты көшелерімен жүріп өткен. Олар маска тағу және тағы басқа да қатаң шектеу шараларын алып тастауды талап етті. Айта кетсек, АҚШ-та коронавирус пандемиясы 860 000 адамның өмірін қиған. Сонымен бірге індет ел экономикасына айтарлықтай шығын әкелді. 

Бельгияда шеру соңы қақтығысқа ұласты 

Ал Брюссельде коронавирусқа қатысты шектеулерге қарсы шеру соңы тәртіпсіздіктерге және полициямен қақтығысқа ұласты. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бейбіт демонстрацияға радикалды көзқарастағы ондаған адам қосылған. Бұзақылар полицияға тас және басқа да ауыр заттарды лақтырған. Көліктер мен ғимараттарға зақым келді. Ашулы топты тарату үшін тәртіп сақшылары су шашып, газ қаруын қолданған. Бірнеше адам ұсталды. Биліктің мәліметінше, шеруге 50 000-дай адам қатысқан.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу