Британиялық фермерлер наразылық акциясына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Британиялық фермерлер наразылық акциясына шықты

26.03.2024

Британиялық фермерлер наразылық акциясына шығып, трактормен Лондондағы Парламент үйінің жанына жиналды. Олар биліктен арзан әрі сапасыз азық-түлікті импорттауды тоқтатуды талап етіп жатыр. Демонстранттар алып мегаполиске кемінде 50 трактормен кіріп, «фермерлер болмаса, тамақ та, болашақ та жоқ», деп ұрандатты. Мұндай шерулер соңғы уақытта бүкіл Еуропада өтіп, оған қатысушылар арзан шетелдік тауарлардың көбейіп кеткеніне наразылық білдірді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу