Португалия мен Гана арасындағы ойында Роналдудың допқа ұмтылып, бәрінен биік секірген сәті жанкүйерлерді сүйсіндірді. 38 жастағы Криштиану шау тарта қоймапты десті көпшілік. Сондай ақ бұл ойында Португалиялық сұрмерген өзінің рекордтар сериясын жаңартты. 5 бірдей әлем чемпионатына қатысып, әрі бәрінде де гол соққан тарихтағы тұңғыш футболшы атанды.
Дархан Рахымжан