Орталық сайлау комиссиясы төрағасы брифинг өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық сайлау комиссиясы төрағасы брифинг өткізді

19.09.2014
Орталық сайлау комиссиясы төрағасы брифинг өткізді

Қазан айының біріне жоспарланған Парламент Сенатының  депутаттарын сайлауына 129 бақылаушы қатысады. Оларды тіркеу 25 қыркүйекте аяқталады.

Соңғы мәлімет бойынша, науқан барысын бақылауға ТМД елдерінен 103 адам, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы миссиясынан 4 адам, шет мемлекеттерден 22 адам тіркелді. Бұдан бөлек, 17 мемлекеттен сайлау барысынан ақпарат таратуға 100-ден астам БАҚ өкілі тіркелген.

9 кандидат үгіттік іс-шараларды жүргізу үшін өз сайлау қорларын құрды. Үгіт жұмыстары 29 қыркүйек күні 24:00 де яқталатын болады.

Сайлау қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы 7-ші қазаннан кешіктірмей жариялайтын болады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу