«Көшпенділер» жыл кітабы деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көшпенділер» жыл кітабы деп танылды

19.02.2015
«Көшпенділер» жыл кітабы деп танылды

Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы «Бір ел - бір кітап» акциясында жеңімпаз деп танылды.

Ұлттық академиялық кітапхана жанынан құрылған арнайы комиссия «Көшпенділерді» жыл кітабы деп атады.

Үздік кітапты анықтауға елдегі  250-ге жуық кітапханалар желісі атсалысты.

«Жазушының 100 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында  аталған тарихи туындының таңдап алынуы қаламгер еңбектерін көпшілікке насихаттауға мүмкіндік бермек», дейді комиссия мүшелері. 

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 
 
 

Хабарламаларға жазылу