Елбасы туралы хабар «Үздік радиожоба» деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы туралы хабар «Үздік радиожоба» деп танылды

05.12.2014
Елбасы туралы хабар «Үздік радиожоба» деп танылды

«Қазақстан» РТРК» АҚ 2013/2014 телевизиялық маусымының жыл үздіктерін анықтады. Жеңімпаздар 17 аталым бойынша марапатталды.

Қазақ радиосының әуе толқынынан өткен Елбасы туралы хабар «Үздік радиожоба» деп танылды. «Нұрсұлтан Назарбаев. Автобиография» атты радиохикая – Қазақ радиосы мен Ресей радиосының бірлескен жобасы.

Айта кетейік, радиокомпозиция 25 бөлімнен тұрады. Қаламгер-публицист Махмұд Қасымбековтің кітабы негізінде дайындалған хабарды Кеңес Одағының Халық әртісі, XX ғасырдың «алтын дауысы» Василий Лановой оқыды.

Хабарламаларға жазылу