Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Алмас қылыш» фильмінің тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Алмас қылыш» фильмінің тұсаукесері өтті

16.12.2016
5 ай түсірілген фильмнің тарихи, тәрбиелік мәні орасан. Қоюшы режиссеры - Рүстем Әбдірашев. Кинотуындыға қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші кітабы, «Алмас қылыш» романы негіз болған.

Фильмдегі оқиғалар XV ғасырда өрбиді. Оған Жәнібек пен Керей хандар тұсындағы қазақ мемлекетігінің қалыптасуы барысындағы басты оқиғалар арқау болады. Кино 5 қаңтардан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында прокатқа шығады.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу