Еуропалық Одақпен әріптестік жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық Одақпен әріптестік жалғасады

22.11.2022

Геосаяси жағдай күрделі кезеңде елге тауар жеткізу қиындай түскені рас. Тасымалдың тежелуі экономикаға әсер етпей қоймайды. Сондықтан Қазақстанға экономикалық басқарудың түбегейлі жаңа тәсілі қажет. Стратегиялық зерттеулер институты Фридрих Эберттің Қазақстандағы қорымен бірлесіп өткізген халықаралық форумда мамандар осындай пікір айтты. Олар мемлекеттік саясаттың әлеуметтік-экономикалық бөлігіне аса назар аудару маңызды екенін жеткізді. Сондықтан осы салада жұмыс істейтін халықаралық мамандарды тарта отырып, экономикалық мәселелерді шешуді көздейді.

Бекжан Садықов, стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері:

Экономикалық белсенділіктің төмендеуіне жол бермеу қажет. Өйткені қазір барлық елдің алдында қиын таңдау тұр. Дегенмен Қазақстанның бұл істе тәжірибесі бар. Мысалы пандемия кезінде өзге дамушы елдерге қарағанда біздің мемлекеттегі жағдай анағұрлым жақсы болды.


Хабарламаларға жазылу