ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент ретінде тіркеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент ретінде тіркеді

22.11.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде тіркелді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулыны қабылдады. Енді Мемлекет басшысына куәлік тапсырылады. Бүгін Президент сайлауының түпкілікті қорытындысы шықты. Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров соңғы ақпаратты жариялады.

Сонымен, 6 млн 456 мың 392 сайлаушы Қасым-Жомарт Тоқаевты таңдаған. Яғни дауыс бергендердің 81,31%. Ал биыл алғаш рет енгізілген «бәріне қарсымын» бағанын 5,8% сайлаушы белгілепті. Қалған кандидаттар 3- 2 пайыздан жинаған. Ал жалпы сайлаушылар саны 12 млнға жуық. Оның 69,44 пайызы дауыс берген.

Сайлау күні шетелдік халықаралық ұйымдардың 641, саяси партиялардан 15 мыңнан аса, қоғамдық бірлестіктерден 30 мыңнан аса байқаушы қатысты. 1200 қазақстандық әрі 41 шетелдік БАҚ ақпарат таратты. 

Әсима Нұрбай

Хабарламаларға жазылу