ҰҚК Бірінші төрағасы Б.Баекенов 80 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰҚК Бірінші төрағасы Б.Баекенов 80 жасқа толды

21.11.2022

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алғашқы төрағасы Болат Баекенов 80 жасқа толды. Мерейтой қарсаңында Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратында Болат Әбдірахманұлының мұражай бөлмесі ашылды. Қайраткер тәуелсіздіктің елең-алаңында отандық күштік құрылымдарды жасақтап, нығайтуға сүбелі үлес қосты. Ішкі істер министрі, Президент Күзеті қызметінің бастығы лауазымдарын абыроймен атқарды. Арнаулы қызметтерді қалыптастыруға қосқан айрықша үлесі үшін І дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Болат Баекеновтің қауіпсіздік органдарының құрылымын нығайту және ретке келтірудегі қажырлы еңбегі зор дейді әріптестері .

Кенжеболат Бекназаров, ҰҚК Ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Болат Әбдірахманұлы ел қауіпсіздігін нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Мәселен, тәуелсіздік алған жылдары ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, ел мүддесін қорғайтын мамандар қатары сиреп қалды. Осы тұста Болат Баекеновтің басшылығымен шетте жүрген мамандарымызды елге қайтару, жаңа кадрларды даярлау жұмыстары қолға алынды.

Қуан Нұрақын 

Хабарламаларға жазылу