Мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі жазушы, түркітанушы ғалым Мырзатай Жолдасбеков 80 жасқа толды. Мерейтойға орай Ұлттық мұрағатта ғалымның еңбектері мен құжаттары топтастырылыған көрме ашылды. Мұнда 5000-нан астам құнды жәдігер жинақталған. Сондай-ақ, шара аясында қоғам қайраткерінің өмірінен сыр шертетін «Мың жылдық жолаушы» деректі фильмінен үзінді көрсетілді. Кеш соңында қонақтар мерейтой иесін құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Беглілі жазушы Мырзатай Жолдасбеков 80 жасқа толды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/20164/)