Жамбыл облысында сайлау кезінде шағым тіркелген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында сайлау кезінде шағым тіркелген жоқ

21.11.2022

Кезектен тыс президент сайлауында Жамбылдықтар белсенділік танытты. Яғни тіркелген 716 мың 746 сайлаушының 530 мың 315-і дауыс берді. Бірақ саяси науқан кезінде заң бұзушылық оқиғалары тіркелмеген. Бұл туралы облысық сайлау комиссиясының төрағасы кеше іс-шараның қорытындысында атап өтті.

20 қараша Жамбыл облысында 493 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Әулиеаталықтар саяси бәсекеге үлестерін қосып, белсенділік танытты. Аймақтағы шетелдік байқаушылардан да ешқандай шағым түспеген. Осылайша өңір халқының 79,57 пайызы сайлауға қатысып өз таңдауын жасаған. Бұл әрине алдын ала болжам бойынша есеп. Сондықтан, алдағы уақытта мамандар нақты есепті айтатын болады.

Серғали Айдапкелов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

Жоғары тұрған сайлау комиссияларына, болмаса құқықтық органдарға сайлаушылардың тарапынан немесе байқаушылардың тарапынан немесе сайлау комиссиясының құрамынан ешқандай арыз-шағым тіркелген жоқ. Бірақ жұмыс барысында сайлаушылардың тарапынан, байқаушылардың тарапынан сайлау комиссияларының сайлаушыларға және байқаушыларға деген жұмыс көрсету барысында процедуралық кейбір сұрақтар туындады. Оның барлығы заң талаптарына сәйкес уақытылы шешіліп отырды.


Хабарламаларға жазылу