Павлодар облысында сайлауға дайындық жоспарға сай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында сайлауға дайындық жоспарға сай

19.09.2014
Павлодар облысында сайлауға дайындық жоспарға сай

1-ші қазанда елімізде сенаторлар сайлауы өтеді. Қазір 16 аймақта осы шараға дайындық жүріп жатыр.

Павлодар облысында 5 адам өтініш беріп, олардың үшеуі ресми тіркелді.

12-ші қыркүйектен бастап үміткерлер сайлаушылармен үгіт- насихат жұмыстарын жүргізуде. Әзірге заңбұзушылық дерегі тіркелген жоқ.

Кезекті сайлау кезінде осы аймақтағы 14 мәслихаттың 205 депутаты жасырын дауыс беруге қатысады.

Болат АМАНБАЕВ     

 

Хабарламаларға жазылу