Ресейде президент сайлауы өтетін күн белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде президент сайлауы өтетін күн белгілі болды

07.12.2023

Әзербайжанда президенттік сайлау 2024 жылы ақпанның 7-де өтетін болды. Қаулыға мемлекет басшысы Ильхам Әлиев қол қойды. Ал Ресей парламентінің жоғарғы палатасы президенттік сайлаудың өтетін күнін наурыздың 17-не белгіледі. Федералдық кеңесте бұл ұсынысты 162 сенатор бірауыздан қолдаған. Кеңес спикері Валентина Матвиенко айтқандай, осы шешімнен кейін Ресейде сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталады. Дегенмен, Кремль басшысы Владимир Путин жаңа бесінші президенттік мерзім үшін бақ сынайтынын әзірге ресми түрде жариялаған жоқ.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу