«Еxitpoll» өкілдері Қарағанды облысындағы сайлау учаскелерінде әлеуметтік сауалнама жүргізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еxitpoll» өкілдері Қарағанды облысындағы сайлау учаскелерінде әлеуметтік сауалнама жүргізуде

20.11.2022

«Еxitpoll» өкілдері Қарағанды облысындағы сайлау учаскелерінде де әлеуметтік сауалнама жүргізуде. Соның негізінде қай кандидаттың басым дауыс жинағанын болжамды түрде анықтайды. «Ашық қоғам» аймақтық зерттеулер халықаралық институты» қоғамдық қоры да сайлауға қатысып, дауыс берген азаматтар арасында белсенді түрде әлеуметтік сауалнама өткізуде. Қоғамдық қор еліміздің түкпір-түкпіріндегі 354 сайлау учаскесін қамтыған.

Любовь Качурина, «Ашық қоғам» аймақтық зерттеулер халықаралық институты» қоғамдық қорының қызметкері:
Таңертен 6.45-те осында келдік. Бұл жерде үш адамбыз. Үздіксіз сауалнама жүргізіп жатырмыз. Сайлауға келушілер өте көп. Тұрғындардың белсенділігі жоғары. Алайда көбі кімге дауыс бергенін құпия ұстайды. Мұның өзі халықтың сайлау заңын жетік біле бастағанын аңғартады.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу