Ақтөбедегі номері 47-ші сайлау учаскесінде 25 адам үйінен дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі номері 47-ші сайлау учаскесінде 25 адам үйінен дауыс берді

20.11.2022

Ақтөбедегі номері 47-ші сайлау учаскесінде 25 адам үйінен дауыс берді. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлер бар. Мәселен, жасы жүзге жақындаған соғыс ардагері Барис Конюшенко мен оның зайыбы денсаулық жағдайларына байланысты далаға шыға алмайды. Алайда, елде болып жатқан саяси маңызды шарадан шет қала алмадық дейді. Сайлау учаскесінің қызметкерлері оларға пәтерлерінде отырып дауыс беруге жағдай жасап, арнайы сыйлықтарын табыс етті.

Өтеген Сарин, сайлау комиссиясының мүшесі:
Барлықтары үйде жақсы қарсы алып жатыр. Бәрі денсаулықтарына байланысты, бірінің көзі көрмейді, бірі жүре алмайды деген сияқты.Соған байланысты өтініш берген үйден дауыс беруге. Соны өздеріңіз көріп отырсыздар, бір үйдің екі адамы бар мұнда.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу