Канн фестивалінің «Үздік әйел рөлі» номинацияның жеңімпазы Самал Еслямова мен олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канн фестивалінің «Үздік әйел рөлі» номинацияның жеңімпазы Самал Еслямова мен олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова дауыс берді

09.06.2019

Солтүстік Қазақстан облысында 663 сайлау учаскесі бар, оның 93-і Петропавда. Шаһардағы нөмірі 595 сайлау учаскесінде 1416 дауыс беруші бар. Бұл учаскеге бүгін алғашқылардың бірі болып облыс әкімі Құмар Ақсақалов келіп дауыс берді. Және жерлестерімен бірге танымал актриса, Канн фестивалінің «Үздік әйел рөлі» номинацияның жеңімпазы Самал Есләмова келіп, өз таңдауын жасады.

Өскемен қаласының халқымен бірге бүгін олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да дауыс берді. Жеңіл атлетика спортының жарық жұлдызы өзінің таңдауын №1336-шы сайлау учаскесінде жасады. Ол еліміз үшін маңызы зор саяси шараға өзінің отбасымен келді.

Самал Еслямова, актриса:

Керемет, жақсы, елде дауыс беру. Бұған дейін Мәскеуде беретінмін. Бейбітшілік, тұрақтылық, жақсылық үшін бердім.

 

Хабарламаларға жазылу